USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған шырша мерекесі Бородулихада өтті

Мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған шырша мерекесі Бородулихада өттіБородулихада мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған аудан әкімінің шырша мерекесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мерекені мәдениет үйіндегі арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы, мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйінің ұжымдары бірлесе отырып ұйымдастырды.

Шырша мерекесіне қатысқан барша балалар мен жастарға аудан әкімі Г.Акулов пен аудандық мәслихаттың хатшысы У.Майжанов кәмпит толы жаңажылдық дорбаларды табыстап, келе жатқан Жылқы жылымен құттықтады.

Құттықтаулардан кейін сан алуан кейіпте киінген балалар мен жасөспірімдер қол ұстасып, жасыл шыршаны айналып ән шырқады, түрлі ойындар ойнады.

Әсіресе, Аяз ата мен Ақшақар болып, сол секілді қыраулы қыс, мыстан кемпір бейнелерінде киінген адамдардың өздеріне бекітілген рөлдерді айнытпай орындап шығуы қамкөңіл жандардың жүрегіне жылулық сыйлап, көңілдерін серпілткен тамаша кештің ажарын аша түсті.

Белағаш өңірінің барша ауылдық және кенттік округтерінде балдырғандарға сыйлаған мерекелік шараларды жоғары деңгейде өткізуге жергілікті жердегі шағын және орта бизнес өкілдерінің, шаруа қожалықтарының демеушіліктері үлкен қолдау болғанын айта кеткен абзал.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде