USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

72 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді Семейде

72 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді Семейде

Семей қаласының Энергетик ықшам ауданында тоғызқабатты 72 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі кезде аталмыш ықшам ауданда тағы бірнеше көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Семейде 2013 жылдың соңына дейін 400 отбасы баспаналы болады. Жаңа пәтер кілттеріне ие болатындардың дені ардагерлер мен көпбалалы не әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар екенін атап өткім келеді. Жалпы, қаладағы құрылыс жұмыстарының қарқыны бәсеңдемей, келесі жылы да лайықты жалғасын таппақ. Барлықтарыңызды осындай тұрғын үйдің пайдалануға берілуімен құттықтаймын, – деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Қоныс тойын тойлағандардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де болғанын айта кеткен жөн. Солардың бірі – «СТР» каналының редакторы Эльмира Жүрсінбекқызы.

– Жаңа баспанаға ие болуды көптен бері армандап келіп едік. Міне, бүгін сол арманымыз орындалып, жаңа пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Осы үшін қуанышымызды бөлісу-ге келіп отырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа зор алғысымды жеткізгім келеді, – дейді Э.Жүрсінбекқызы.

Жыл соңына дейін Семей қаласында тағы төрт көпқабатты үй пайдалануға берілмек.

Нұржан Кенжеұлы
суретті түсірген Ғылымбек Сәбитов
Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде