USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аурухананың ескі ғимараты жас мамандарға жатақхана ретінде қайта жарақталады Глубокоеде

Аурухананың ескі ғимараты жас мамандарға жатақхана ретінде қайта жарақталады Глубокоеде

Глубокое кентіндегі аурухананың ескі ғимараты жас мамандарға жатақхана ретінде қайта жарақталуы тиіс. ШҚО басшысы Глубокое ауданының әкіміне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Глубокое кентінде салынып жатқан жаңа 100 орындық аудандық аурухана құрылысы жауапсыз мердігерлердің салдарынан уақтылы аяқталмағаны белгілі. Құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев істің сәл де болса ілгері басқанын атап өтті.

Аурухананың ескі ғимараты жас мамандарға жатақхана ретінде қайта жарақталады Глубокоеде

Қазіргі кезде «Элхон» ЖШС жалғастырып жатқан аурухана құрылысында төбесі жабылмаған төрт блок қалыпты. Яғни, А, В, А-2, А-1 блоктарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2014 жылдың 20 қаңтарына дейін аяқталмақ. Құрылыс жұмыстарына – 890 млн. теңге, медициналық құрал-жабдық сатып алуға – 241 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда аурухананың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Емдеу мекемесі орталықтандырылған жылы су жүйесіне қосылған. Облыс басшысы қабылдау бөлмесі, стационар, ота жасау блогы, палата, зертхана және галереяға арналған бөлмелерді аралап көрді. Аурухана ауласындағы ескі ғимаратты бұзу орнына оны бекемдеп, жас мамандарға жатақхана ретінде беру мәселелерін қарастыруды аудан әкімі Нұрлыбек Шерубаевқа жүктеді.

Суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде