USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Гинекологиялық кабинет ашылды Зайсанда

Гинекологиялық кабинет ашылды Зайсанда

Зайсанда гинекологиялық кабинет ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл игілікті істі осы өңірдегі көптеген бүлдіршіндердің кіндік шешесі атанған, тәжірибелі гинеколог дәрігер Майшекер Қорабаева қолға алып отыр.

Өз ісін жақсы меңгерген маманның қолға алған бұл бастамасы ең бірінші кезекте ауданда тұратын әйел-аналардың денсаулығын жақсартып, нығайту мақсатын көздейді. Бұл жерде әйелдер қауымына білікті дәрігерлер тарапынан түрлі кеңестер беріліп, қажет болса медициналық тексерулер де жүргізіледі.

Гинекологиялық кабинеттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Зайсан қаласы әкімі Д.Тожыбаев, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Қашағанова және басқалар халыққа қызмет көрсетуге ден қойған жаңа мекеменің жұмысына сәттілік тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде