USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бейбіт күннің батырын еске алды Глубокое кентінде

Бейбіт күннің батырын еске алды Глубокое кентінде

Бейбіт күннің батыры Құрмет Ахметовті еске алуға арналған әскери-патриоттық шара Глубокое кентіндегі О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінде өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы оқу ордасының 2006 жылғы түлегі Құрмет Әділханұлы суға тұншыққан екі баланың өмірін құтқарып, өзі опат болған жас еді. Осы орайда бейбіт күннің батырын есте сақтап, оның ерлігін үлгі тұту үшін өзі оқыған мектебіне өткен жылы мемориалдық-ескерткіш тақта ілінген болатын.

Бейбіт күннің батырын еске алды Глубокое кентінде

Құрмет Ахметовті еске алуға арналған іс-шаралардан соң бастауыш сынып мұғалімі Қымбат Нұрахметова Құрметтің күнделігін мектеп мұражайына табыс етті.

Ата-аналары Әділхан мен Роза Ахметовтер сөз сөйлеп, ұлының есімінің ардақталып жатқаны үшін облыс басшылығына алғысын білдірді. Облыс әкімі Құрмет Ахметов атындағы ауыспалы кубокті спортсүйер оқушыларға табыс етті.

Бейбіт күннің батырын еске алды Глубокое кентінде

– Қазақ халқының тарихында жерімізді, елімізді аянбай қорғаған батырлар жетерлік. Қабанбай, Нау-рызбай батырлар, берідегі Бауыржан, Рақымжан аталарымыздың ерліктері жеке-жеке дастан, аңыз. Осы ер тұлғалы бабаларымыздан сіңген тәрбие әрі қарай жалғасып келеді. Бейбіт кезде де өзгені қорғау үшін өз жанын берген көптеген азаматтарды білеміз. Міне, соның бірі –
жас та болса, ұмытылмас ерлік жасап, қыршын кеткен Құрмет Ахметов. Бұл Құрметтің халқына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігі. Құрметтің атына ескерткіш тақта қойып, сынып ашып, бүгінгі еске алу шарасын өткізуіміз – келешек ұрпақты ерлік-ке, адамгершілікке баулиды. Біздің міндетіміз – жас ұрпақты патриоттық-қа тәрбиелеу, – деді облыс әкімі.

Облыс басшысы сөз соңында аудан тұрғындарын жақсы жаңалықпен қуантты. Глубокое кентінде келесі жылы 600 орындық, Уварова ауылында 300 орындық жаңа заманауи мектеп құрылыстары басталады.

Думан Анаш
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде