USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен қаласы көмірмен толық қамтамасыз етіліп отыр

Өскемен қаласы көмірмен толық қамтамасыз етіліп отыр

Өскемен қаласы көмірмен толық қамтамасыз етіліп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Осыған дейін ШҚ облысы орталығында 23 мың тонна әлеуметтік көмір сатылып, оған жалпы саны 4600 адам ие болған.

«ВЭУС» ЖШС арқылы барлығы 225 мың тонна қатты отын саудаланыпты. Аталған серіктестіктің директоры Иван Тимофеевтің айтуынша, кәсіпорынның қоймаларында шамамен 6 мың тоннадан астам көмір сақтаулы. Оны тұтынушыларға ешқандай кезексіз, кедергісіз сатуға болады.

Ең бастысы, биылғы көмірдің жануына қатысты тұтынушылар тарапынан бір де бір наразылық, шағым түспеген.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жеке тұрғын үйлермен қатар өңіріміздің бас шаһарындағы мекемелер де таскөмірмен толық қамтылған. Жылыту маусымын алаңсыз өткізуге мүмкіндік бар, деп отыр жауапты тұлғалар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде