USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қытайда семейлік композиторлардың туындыларын тыңдайды

Қытайда семейлік композиторлардың туындыларын тыңдайдыСемейлік танымал композиторлардың туындылары Қытай көгінде қалықтайтын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның Қытай еліне гастрольдік сапары кезінде жүзеге аспақ. Аталған филармония өңіріміздегі ең озық шығармашылық ұжым болып табылады.

Филармония артистері Қытайдың бірнеше ірі қалаларында болып, семейлік танымал композиторлар Теміржан Базарбаев, Тұрсынғазы Рахимов және Болат Сыбановтың туындыларымен Қытай халқын ән-жырға бөлемек.

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Өтеуленованың айтуынша, Қытай елінің мәдениеті өте бай. Олардың ежелгі салт-дәстүрі, тарихы тереңнен тамыр тартып жатыр. Сондықтан оларды таңғалдыру оңай шаруа емес. Дегенмен, біздің өнерпаздар олардың талғамынан шығуға тырысамыз деп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде