USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дүкенде шыққан өрттен 150 адам құтқарылды, олардың ішінде 28 бала бар Өскеменде

Дүкенде шыққан өрттен 150 адам құтқарылды, олардың ішінде 28 бала бар Өскеменде


Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінде шыққан өрттен 150 адам құтқарылды, олардың ішінде 28 бала бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, Михаэлис көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің ет бөлімінде тоңазытқыштың пластикалық бөліктері тұтанып, тілсіз жау одан ары сауда бөліміне жайылған. Стеллаждардың ағаш құрандылары, азық-түлік өнімдерінің жанатын қораптары жанып кеткен. Өрт дүкеннің 30 шаршы метр аумағын тып-типыл етті.

Мамандар өрттің шығуының бірнеше себептерін алға тартып отыр. Олардың ішінде электр жабдықтарының апаттылығы, электр қондырғыларын орнату кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау болжамдары бар.

Қазір осы төтенше жағдайға кінәлі жандар мен келген шығынның көлемі анықталып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде