USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚ облысында орналасқан бес елді мекенді су басу қаупі бар

ШҚ облысында орналасқан бес елді мекенді су басу қаупі бар

ШҚ облысында орналасқан бес елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл жайында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Арнайы жүргізілген тексерулерден кейін мамандар осы ауылдардың маңындағы гидротехникалық нысандардың тозуына байланысты елді мекендер көктемгі тасқынға төтеп бере алмай қалуы мүмкін деген болжам айтуда.

Атап айтсақ, қауіптілігі жоғары саналғандар санатындағы Опытное поле ауылындағы Жуковка мен Өскеменнің шетіндегі Маховка бұлақтарын, сол сияқты Ұлан ауданындағы Ұлан және Тайынты өзендерін тоқтатқан бөгендер, Көкпекті ауданындағы Ешкібай мен Лайлы су қоймалары жөндеу жұмыстарын жүргізуді аса қажет етеді.

Нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су қоймасында жиналатын судың жартысына жуығы далаға жіберіледі және көктемгі тасқын кезінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Алайда, мамандардың пікірінше, мұның өзі арқаны кеңге салуға кепілдік болмайды. Сондықтан тозығы жеткен су қоймаларын қалпына келтіруге кіріскен дұрыс. Бүгінде облыстық бюджет комиссиясының қарауында өңірдегі бірқатар су қоймаларын жөндеу жұмыстарының жоспарлары бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде