USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан-Қытай шекарасында «жасыл дәліз» жобасы іске қосылды

Қазақстан-Қытай шекарасында «жасыл дәліз» жобасы  іске қосылды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы Бақты мен Покиту тексеру бекеттерінде «жасыл дәліз»
жобасы салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа бастама көкөніс өнімдерін кедендік бекет арқылы өткізу мен рәсімдеу әрекеттерін жылдамдатуға көмектеседі. Жоба іске қосылғанша, екі елдің Үкімет басшылары арасында келіссөздер жүргізіліп, жан-жақты талқыланған.

Бақты мен Покиту тексеру бекет-терінің таңдалып алынуы да тегін емес, өйткені, мұнда өнімдердің үл-кен көлемі тасымалданады. Мәселен, былтыр Қытайдан біздің елге осы дәліз арқылы 3 740 автокөлік құралы, оның ішінде 40 пайызы көкөніс тиелген мәшинелер өткен. Ал биылғы 11 айда бұл көрсеткіш 4 546 көлікті (оның 49%-ы көкөністер мен жеміс-жидек тасушы) құрап отыр.

Отандық кеденшілердің айтуынша, «жасыл дәліз» бекеттегі ұзын сонар кезекті азайтып, құжаттарды жылдам рәсімдеуге, сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын да қатаң сақтауға жағдай туғызады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде