USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейлік онкологтар бейнеэндоскопиялық оталар жасауды меңгерді

Семейлік онкологтар бейнеэндоскопиялық оталар жасауды меңгерді

Семейлік онкологтар енді бейнеэндоскопиялық оталар жасай алатын болды. Жақында мұнда Астана мен Омбыдан келген білікті мамандар жергілікті дәрігерлерге шеберлік сыныбын өткізіп, бейнеэндоскопиялық аспаптың көмегімен алғашқы ота жасалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Заманауи технологияға негізделген бұл аспапты сатып алу бірінші кезекте «Саламатты Қазақстан» және тұрғындарға онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламаларының жемісті нәтижесі болып табылады.

Жапондық «Олимпус» фирмасы өндірген аспаптың көмегімен күрделі оталарды науқастың денесін бұрынғыдай кеспей-ақ жасауға болады. Яғни, адамдар үшін хирургиялық әрекеттерден жарақат алу мүмкіндігі өте төмен және отадан кейінгі сырқаттың сауығуы да жылдам.

– Мұндай ота жасалған адамдар екі-үш күннен кейін тұрып, үйіне өз аяғымен кетеді. Бұл заманауи құрал арқылы бір жылда күрделілігі әртүрлі жүзге тарта ота жасауға болады. Аспапты меңгеру үшін біздің дәрігерлер арнайы курстарда оқып, Барнаулда, Петерборда тәжірибеден өтіп келді, – дейді өңірлік онкологиялық диспансердің директоры Марат Сандыбаев.

суретті түсірген Ғылымбев Сәбитов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде