USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Киіз үйлер қонақүй кешені Жарма ауданында тұрғызылады

Киіз үйлер қонақүй кешені  Жарма ауданында тұрғызылады

Жарма ауданындағы Омбы-Майқапшағай және Алматы-Өскемен автокөлік жолдарының қиылысында «Киіз үйлер қалашығы» деп аталатын қонақүй кешені салынбақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай ерекше жобаның авторы Едіге Ибраимов дейтін кәсіпкер. Ол өзінің идеясын Астана қаласында өткен көрмеде әдемі қазақ үйлерінен құралған қонақүй кешенінің макеті арқылы көпшілікке таныстырды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері бұл кешен тоғыз жолдың торабында орналасуы-на байланысты өңірге туристерді көптеп тартуға көмектесетініне сенімді. Ол үшін мұнда қызмет көрсету деңгейі мен келушілерге арналып жасалған жайлы жағдайдың бәрі өзге бәсекелестермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болмақ. Мамандардың пікірінше, болашақ қонақүйлердің басты артықшылығы да осы көрінеді.

Көшпенділердің өмірінен сыр шертетін кешенді тұрғызу уақыты әзірге белгісіз. Дегенмен, бүгінде жоба авторы үлкен істі бастаудың алғашқы қам-қарекетімен айналысуда.

суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде