USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Жұлдыздар матчына» тұңғыш рет қазақ хоккейшісі қатысады

«Жұлдыздар матчына» тұңғыш рет қазақ хоккейшісі қатысады

Құрылықтық хоккей лигасы жыл сайын өткізетін «Жұлдыздар матчына» тұңғыш рет қазақ баласы қатысады. Оның аты – Талғат Жайлауов, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Турнирдің ресми сайтында «Жұлдыздар матчына» қатысатын соңғы бестіктер анықталып, Братиславада өтетін жылдың ең айтулы кездесуінде өскемендік хоккей мектебінің түлегі Талғат Жайлауовтың да айдынға шығатыны белгілі болды.

Қазақ хоккейіндегі шоқтығы биік жұлдыздардың бірі - Талғат Жайлауов Евгений Медведев («Ақ Барс»), Александр Попов («Авангард»), Андрей Зубарев («Салават Юлаев») сынды айтулы хоккейшілермен бірге «Шығыс» құрамасында өнер көрсетеді.

Бүгінге дейін «Барыстың» бұрынғы ойыншысы Кевин Даллмэн ғана «Жұлдыздар матчына» тұрақты қатысып келген болатын.

«Жұлдыздар матчы» келер жылдың 11 қаңтарында өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде