USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазандыққа жаңа турбогенератор орнату жұмыстары басталды Зырянда

Қазандыққа  жаңа  турбогенератор орнату жұмыстары басталды Зырянда

Зырян қаласында қазандыққа екі турбогенератор орнату жұмыстары қолға алынды. Бұл жобаның құны 1 млрд. теңгеден асады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Зырян ауданы әкімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Аудан басшысының айтысына қарағанда, жаңа қондырғылар шаһарды жылумен сапалы қамтамасыз етуге, жылу энергиясының бағасын тұрақтандыруға және өздеріне қажетті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай құралдар жылумен қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құруға септегін тигізеді деген болжам бар.

- Жылумен қамту мәселесі зыряндықтар үшін өткір тұр. Зырян еліміздің ең суық нүктесі екені белгілі. Аталмыш жоба тек біздің аудан үшін ғана емес, сол сияқты көршілес Глубокое ауданы мен Курчватов қаласы үшін де маңызды болмақ, – деп атап өтті Ермак Сәлімов.

Екі турбогенератордың әрқайсысының қуаты 3 МВт. Жаңа қондырғылар іске қосылғанда жылына 26,6 млн. кВт-сағ электр энергиясын өндіруге болады екен. Сәлімов мырзаның сөзіне қарағанда, бұл көрсеткіш тек өздерінің қажеттіліктерін ғана өтеп қоймай, басқаларды да жылу энергиясымен қамтуға жеткілікті екен.

Жобаны іске қосу кезінде зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін залалын қысқартуға бағытталған қосымша шаралар қолға алынатынын да айта кеткен жөн.

Айна Ескенқызы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде