USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Заттарды тегін үлестіретін дүкен ашылды Зырянда

Заттарды тегін үлестіретін дүкен ашылды Зырянда

Зыряндықтар енді қолданғысы келмейтін заттарын қоқысқа тастамай, арнайы әлеуметтік дүкенге өткізе алады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл бұйымдар аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға бір ғана алғыс үшін тегін таратылмақ.
Жергілікті белсенді іскер әйелдер қауымдастығы ашқан дүкен дәл осылайша, "Барлығы алғыс үшін" деп аталады. Қалалық әлеуметтік қамту мекемесінде орналасқан дүкенде киюге жарамды киім-кешек пен аяқ киім, үй тұрмысына қажетті заттар жеткілікті. Ұнатқан нәрсені кез келген адам алып кетуіне болады.

Естеріңізге сала кетейік, белсенді іскер әйелдер қауымдастығының тобы жергілікті әкімдікпен бірлесіп, Зырян қаласында әлеуметтік дүкендер ашу жобасымен жарты жыл бойы жұмыс істеген болатын. Аталмыш әлеуметтік дүкен соның нәтижесінде ашылып отыр. Ұйымдастырушылар осылайша, бір жағынан аз қорғалған жандарды қолдаса, екінші жағынан, керексіз заттарға екінші "өмір" сыйламақшы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде