USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Эдельвейс» тау шаңғысы кешенінде пейнтбол клубын салмақшы риддерлік кәсіпкер

«Эдельвейс» тау шаңғысы кешенінде пейнтбол клубын салмақшы риддерлік кәсіпкер

Риддерлік кәсіпкер «Эдельвейс» тау шаңғысы кешенінде пейнтбол клубын салмақшы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Риддерде қала кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікті енді бастауға ниеттенген тұрғындар өздерінің бизнес жобаларын арнайы комиссияның назарына ұсынды.

Жеке кәсіпкер Александр Сподин жоғары қысымды гидравликалық шлангілерді жасайтын цех ашу және сервистік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырмақшы. Сондай-ақ, Наталья Кузнецованың қаланың шалғай аудандарын орталықпен жалғастыратын жолаушылар тасымалдайтын жаңа маршруттар ашу жөніндегі бизнес жоспары қаралды. Ал кәсіпкер Наталья Кретинина жұмыс істеп тұрған наубайханасында жастарға нан мен тоқаштың бірнеше түрін пісіруді үйретуді қолға алмақшы.

Тағы бір жоба жалпы алаңы 250 шаршы метр болатын емдеу-сауықтыру орынжайымен қоса бассейні бар отбасылық монша ашуға арналыпты.

Қалалық әкімдіктің арнайы комиссиясында қаралған осындай жобалардың әлеуметтік маңызына қарай одан әрі пысықтаудан өткізілгеннен кейін қаржыландыру жағы қарастырылатын болады.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде