USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зайсанда батпақпен емдеу орындарын Қытай кәсіпкерлері салады

Зайсанда батпақпен емдеу орындарын Қытай кәсіпкерлері салады

Зайсан ауданында ыстық су және батпақпен емдеу орындарын ашуға Қытай кәсіпкерлері тартылатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Зайсан ауданы әкімі Алмас Оңдақановтың брифингте берген мәліметтеріне сілтеме жасап.

Зайсан өңірінде 109 отбасы өзінің жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Аудан бойынша үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында алынған несиелік қаражаттың көлемі 269 миллион теңгеге артқан.

Биыл аудан бюджетінің 99 пайызы игеріледі деп болжанып отыр. Салынып жатқан құрылыс нысандарындағы жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Қаратал, Сарытерек, Дайыр сынды үш тірек
ауылында барлығы 42 жобаны іске қосу жоспарланса, бүгіндері оның 41-і жүзеге асырылыпты.

Аудан әкімі Алмас Оңдақанов өңірде туризмді дамыту мүмкіндіктеріне де тоқталды. «Бәйтерек» демалыс аймағы негізінде тағы да бірнеше бағыт таңдалып алыныпты. Оның бірі – Қаратал-Талды, ал екіншісі – Біржан бағыты. Қаратал-Талдыдағы ыстық су мен Біржандағы батпақты пайдалану арқылы өңірге келетін туристер толқынын еселеуге болатын көрінеді. Әрине, ол үшін инвестиция да қажет. Осы орайда көрші Қытай кәсіпкерлерін тарту да ойда бар көрінеді.

Әрине, әкім халықты газбен қамту мәселесіне де тоқталып өтті. Газбен қамтудың бірінші кезеңі сәтті жүзеге асты. Қазір 30 үй мен 6 коммерциялық құрылым газбен жылытылып отырғанын айтқан Алмас Оңдақанов бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын да жеткізді.

Мейрамтай Иманғали
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде