USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұлттық банктің Астанаға көшуі техникалық қажеттілік

Ұлттық банктің Астанаға көшуі техникалық қажеттілікҰлттық банктің Астанаға көшуінен ешқандай саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Бұл ең алдымен банктің ішкі, техникалық мәселесі екен. Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде осылай деген Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов тілшілерге осы мәселеге қатысты ойларын кеңінен тарқатып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бас банкир Қазақстанның басты қаржылық иституты көптеген бағыттарда Үкіметпен бірлесе отырып жұмыс істегендіктен, оның бас офисі Елордада болғаны дұрыс деген пікірде. Бүгінгі таңда 2-дәрежелі банктермен болсын, басқа бизнес құрылымдарымен болсын барлық қаржы мәселесі Ұлттық банктің резервтік орталығы арқылы шешіледі. Сол себепті Елбасының Астанада резервтік орталықтың ғимаратын салу жайында арнайы тапсырмасы бар. Бұл екінші жағынан алып қарағанда, сақтық жолы десе де болады. Өйткені Алматы сейсмологиялық тұрақсыз аймақ екені белгілі.

Қайрат Келімбетов атап өткендей, мысалы, АҚШ-та бас банк Вашингтонда орналасқанымен, негізгі қаржылық операциялар бизнес орталығы Нью-Йоркте жасалады, Германияда да бас кеңсе Берлинде болғанымен, барлық қаржылық іс-әрекеттер Франкфуртте жүргізіледі, Жапонияда, Бельгия корольдігінде де солай екен.

Ал Қазақстанда бизнес орталығы Алматы екені даусыз. Ұлттық банктің бас кеңсесінің Елордаға дәл қашан көшетіні әзірге белгісіз.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде