USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Проблемалық несиелердің көлемі 10 пайызға дейін төмендейді Қазақстанда

Проблемалық несиелердің көлемі 10 пайызға дейін төмендейді Қазақстанда

Қазақстанда 2016 жылдың 1-қаңтарына дейін проблемалық несиелердің көлемін 10 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр. Бұл жайында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

"Қазақстанда банктер экономиканы несиелендіруден қашқақтайды, өйткені қазіргі таңда 2-дәрежелі банктердегі қайтарылмаған несиелердің көлемі барлық несиенің 30 пайызын құрайды. Ұлттық банк қайтарымсыз несиелендірудің көлемін 10 пайызға дейін азайту бағытында жұмыстар атқаратын болады", деді Қайрат Келімбетов.

Бас бинкирдің айтуынша, дамыған елдерде қайтарылмаған несиелердің мөлшері барлық несиенің 3-5 пайызынан артық емес көрінеді.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде