USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Құдағилар» комедиясы Қайнарда сахналанды

«Құдағилар» комедиясы Қайнарда сахналанды

«Құдағилар» комедиясы Семей қаласына қарасты Қайнар ауылының мәдениет үйінде сахналанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәдениет үйінің ұжымы білікті жас мамандармен толықтырылып, соның нәтижесінде Халық театрының жұмысына жан бітіп, халыққа тың қойылымдар ұсыныла бастады.

Таяуда жастар Сұлтанәлі Балғабаевтың «Құдағилар» атты комедиясын режиссер Хасен Темірхановтың дайындауында қайнарлық көрермендер назарына ұсынды.

Театр әртістері С.Сейткожинова, В.Камитова, Л.Қуанова өз рөлдерін шеберлікпен сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Ал жас актерлер Б.Екпінов пен М.Қараханова өз образдарын сәтті шығара білді. Әсіресе, театр өнерпаздарының арасынан Семей музыкалық училищесінің түлегі Б.Шағыров жарқырай көрініп, өз кейіпкерін шеберлікпен сомдады.

ойылым соңы «Қайнар» ән-би ансамблінің концертіне ұласып, өзіндік ән салу мәнері бар әншілер Ұ.Ысқақов, Б.Жұмабекова көрерменді бір серпілтіп тастады. Жас таланттар Г.Қабденова, Д.Қойшыбаева, А.Амангелдина мен М.Жомартқызы да бұл күні өнерлерін паш етті.

Айта кетейік, өнер ұжымы алдағы уақытта аймақтарға гастрольдік сапарларға шығуды жоспарлап отыр.


Б.Саданқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде