USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Спорт кешені мен хоккей қорапшасы пайдалануға берілді Глубокое ауданында

Спорт кешені мен хоккей қорапшасы пайдалануға берілді Глубокое ауданында

Глубокое ауданындағы Верхберезовка ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. «Элхон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары өздеріне жүктелген тапсырманы қысқа мерзім аралығында орындап шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Келесі жылы біздің ауылдағы техникалық колледждің спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Верхберезовка ауылдық округінің әкімі Қайырхан Байғұндинов.

Сондай-ақ, Белоусовка кентінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Востокоблгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Виктор Леонтьев хоккей қорапшасын салуға 4,5 млн. теңге бөлді. Оның бұл бастамасын кен байыту фабрикасының, «Шахтастрой» акционерлік қоғамының басшылары да қолдады.

Арнайы бөлінген бригадалар иен жатқан жердегі үйілген қоқыстарды тазалап, тегістеп, ойын алаңына айналдырды. Хоккей қорапшасын орнатып берді.

Белоусовка кентіндегі жеткіншектер мен жастардың осы мұз айдынды алаңда жаттығуларына, командалық жарыстар өткізулеріне қолайлы жағдай жасалды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде