USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дәрігер Күлбәтіш Сандыбаеваға мемориалдық тақта ашылды Үржарда

Дәрігер Күлбәтіш Сандыбаеваға мемориалдық тақта ашылды Үржарда

Үржарда туған еліне 35 жыл өлшеусіз қызмет еткен дәрігер Күлбәтіш Сандыбаеваға мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ескерткіш белгі санатты акушер-гинеколог, марқұм Күлбәтіш Сандыбаеваның рухына тағзым ету мақсатында және өмірден өткеніне бір жыл толуына орай өзі ұзақ жылдар қызмет еткен Үржардағы №1 медицина бірлестігінде ашылды. Республикаға танымал болған дәрігер «Октябрь революциясы» және «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері, КСРО мен Қазақстан денсаулық сақтау саласының үздігі, «Үржар ауданының Құрметті азаматы» атанған болатын.

Салтанатты шараға денсаулық сақтау саласының мамандары алыс-жақыннан жиналды.

Жалпы, бұл әулет – дәрігерлер әулеті. Әкелі-балалы Нұрланбек Сандыбаев пен Семейдегі облыстық онкологиялық диспансердің директоры Марат Сандыбаев – бүгінде республикаға танымал шипагерлер.

Шарадан соң марқұмның рухына бағышталып құран-хатым түсірілді.

Берікхан Тайжігіт
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде