USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алтайда туризмді құру жобасы арнайы номинацияны иеленді

Алтайда туризмді құру жобасы арнайы номинацияны иеленді

«Алтайда туризмді құру» жобасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ұйымдастырған форумда арнайы номинацияны иеленді. Жалпы құны 145 млн. теңге тұратын жобада Өскеменнен Мұзтауға дейін туристік қызметті жүзеге асыратын инфрақұрылым нысандарын ашу қарастырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарындағы әуежайды қалпына келтіру, туристерді орналастыратын және туристік жорықтарға дайындалатын тұрақжайлар, Зырян ауданы, Александровка ауылында аралық база, Рахман қайнарында тікұшақ қонатын орын салу жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 145 млн. теңге. Туристер Өскеменнен Катонқарағай ауылына серіктестік ұшақтарымен қамтамасыз етілгенге дейін автобустармен жет-кізіледі. Осындағы базада салт атпен жүруді үйренгеннен кейін, оларды арнайы көлікпен Рахман қайнарына апарады. Туристер одан әрі салт атпен Мұзтауға бірнеше күндік жорыққа шығады.

Сондай-ақ, Өскемен–Катонқарағай–Қосағаш (Ресей) – Баян Өлгей (Моңғолия) және Өскемен–Үрімші әуе рейстерін ашу жоспары да бар.

Жобаны жүзеге асырушы –«Қазақавиатур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде