USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қоғамдық көлікте жүру үшін бір реттік өтемақы төленеді өскемендік қарттарға

Қоғамдық көлікте жүру үшін бір реттік өтемақы төленеді  өскемендік қарттарға2014 жылы өскемендік қарттарға қоғамдық көлікте жүру үшін бір реттік өтемақы төленетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл зейнетақысының көлемі 40 мың теңгеден артпайтын жандарға ғана қатысты. Өтемақының көлемі –12 964 теңге (7 АЕК).

Бұл қаражатты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері зейнеткерлердің есепшоттарына өз беттерімен аударады. Яғни қарттарға өтінім жазып, құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ.

- Өскемен қаласының әкімдігі қалалық мәслихатқа тапсыру мақсатында әлеуметтік қолдауға зәру жандардың тізімін, оларға көрсетілмек әлеуметтік көмектің көлемін анықтау Ережелерінің жобасы жасады. Ережені мәслихат бекітіп, әділет органдарында тіркелген жағдайда біз әлеуметтік көмекті адресті түрде көрсетуді жоспарлап отырмыз, – деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакина.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде