USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аягөз ауданы әкімі семейлік студенттермен кездесті

Аягөз ауданы әкімі семейлік студенттермен кездесті

Аягөз ауданы әкімі Нұрбол Нұрғалиев Семей қаласында оқитын аягөздік жастармен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы, жастарды жұмысқа тарту бағдарламалары, оларға берілетін жеңілдіктер туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған Семей медицина және Шәкерім атындағы мемлекеттік университеттерінің, сервис және бизнес, геодезия және картография, сондай-ақ, политехникалық колледждердің 300-ден астам студенті жиналды. Жәрмеңкеде 34 болашақ жас маманмен жұмыспен қамту келісім-хаттамасы толтырылды. Сөйтіп, алдағы жылы 21 болашақ дәрігер, 13 мұғалім ауылға барып, жұмыс істеуге ниет білдірді.

Еңбек жәрмеңкесінен соң Аягөз ауданының жайдарманшы-сықақшылары мен әншілері өнер көрсетті.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде