USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Көгілдір бұғаз» демалыс базасының автокөлік жолы жөнделді

«Көгілдір бұғаз» демалыс базасының автокөлік жолы жөнделді

Бұқтырма су қоймасы жағасында орналасқан «Көгілдір бұғаз» демалыс базасына баратын автокөлік жолын жөндеу жұмыстары жуықта толық аяқталады. Бұл құрылыс 2010 жылы басталған болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегіне сәйкес, аталған жол учаскесінің 7,5 шақырымына жөндеу жүргізілген. Бұл бағытта, әсіресе, жазғы маусымда демалушы туристер легі көп қатынайтындықтан, күре жолдың сапалы болуы ерекше назарға алынған-ды.

«Көгілдір бұғаз» демалыс базасының автокөлік жолы жөнделді

Соның нәтижесінде бюджеттен бөлінген қаражат толық игеріліп, қолға алынған шаруа тиянақталып қалды. Алдағы жылдан бастап облыс тұрғындары мен қонақтары жаңарған көлік жолының қызығын көреді деп отыр мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде