USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Ақылды» аялдамалар Өскеменде көбейе түседі келер жылы

«Ақылды» аялдамалар  Өскеменде көбейе түседі келер жылы

Келер жылдан бастап Өскеменде «ақылды» аялдамалар жобасы қайта жандандырылмақ. 2014 жылға арналған бюджетті қарау кезінде құрылғыларды бірнеше аялдамаға орнату туралы шешімді қабылдайтын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Б.Александров атындағы спорт сарайының жанында орналасқан аялдамаға қойылған автобустардың кестесі мен бағытын көрсететін электронды табло орнатыла сала, көп ұзамай жоғалып кеткен болатын. Алайда бастамашылар тобы жаңа жобаға қайтып оралуды көздеп отыр.

Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктерге орнатылған GPS-құрылғы арқылы олардың бағытын, кестеден ауытқушылық болғанын анықтауға мүмкіндік туғызады. Бұл ең алдымен қыс мезгілінде аялдамаларда тұрып, тоңып қалатын балғындарға өте тиімді болар еді. Дегенмен жолаушы тасымалдаушы компаниялардың бұған келісетін түрлері жоқ. Сол себепті қалалық автопарктер «ақылды» аялдама жобасына қатысудан бас тартқан.

Дегенмен, 2014 жылға арналған бюджетті қарау кезінде құрылғыларды бірнеше аялдамаға орнату мәселесі қайта қаралып, оңды шешім қабылданады деп үміттенеді бастамашылар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде