USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Полиция қызметкерлерінің тапшылығы өткір тұр Шығыс Қазақстанда

Полиция қызметкерлерінің тапшылығы өткір тұр Шығыс Қазақстанда

Полиция қызметкерлерінің тапшылығы өткір тұр Шығыс Қазақстанда. Бүгінде облыстық ішкі істер департаментінің түрлі бағыттары бойынша 350 тәртіп сақшысы жетіспейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Ресми дерекке сәйкес, жыл басынан бері үш жүзден астам полицей өз еркімен жұмыстан кетіпті. Оның ішінде 72 қызметкер жағымсыз себептерге байланысты қызметтен босатылған.

Департамент басшысы Рашид Жақыповтың айтуынша, кадрлық тапшылықтың туындау себебі құқық қорғау органдарына қабылданатын үміткерлерге қатысты талаптың күшеюімен байланысты. Мәселен, полиграф арқылы тексерілу, заңнамалар мен құқықтарға қатысты сұрақтарға жауап беру, физикалық даярлығын көрсету секілді кезеңдерден тұратын қабылдау емтиханынан сүрінбей өту кез келгеннің қолынан келмейтіні анық. Полицейлер қатарының кемуі сондықтан. Есесіне, осындай «сүзгіден» өткен кадрлардың сапасы жоғары болмақ.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде