USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңажылдық шырша мерекесі басталды Өскеменде

Жаңажылдық шырша мерекесі басталды Өскеменде

Жаңажылдық шырша мерекесі басталды Өскеменде. Бұл мерекеде әрбір қатысушы балақайға ел Президентінің атынан ноутбук, сондай-ақ, облыс Әкімінің атынан планшет және кәмпит салынған дорба сыйға беріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, шыршаға балалар үйлерінің, жетімдерге арналған мектеп-интернаттың, облыстық білім беру мекемелерінің дарынды оқушылары, «Бибі-Ана» мүгедек-әйелдер қоғамының және патронаттық отбасылардың балалары қатысуда.

Кеше балалар Өскемендегі мектеп-интернаттарға орналастырылып, онда психологиялық, спорттық ойындар ойнатылды. «Юбилейный» кинотеатрында жаңажылдық мультфильм көрсетіліп, Жамбыл атындағы драма театрда «Жаңа жыл – ғажайыптар мерекесі» атты ойын-сауықтық-танымдық бағдарлама ұйымдастырылуда.

Жаңажылдық шырша 20-желтоқсанда болады. Түске дейін президенттік, түстен кейін облыстық таңертеңгіліктер өткізіледі. Бұдан соң балалар мұражайларды аралап, ең соңында орталық алаңда мерекелік шоуды тамашалайды.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде