USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Құрмет» орденімен марапатталды қаламы қарымды журналист

«Құрмет» орденімен марапатталды қаламы қарымды журналист

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс өңіріндегі меншікті тілшісі Оңдасын Елубайға Тәуелсіздік күні мерекесінде Елбасының Жарлығымен «Құрмет» ордені табыс етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оңдасын Елубай елімізге танымал журналист, Қазақстанның құрметті спорт және мәдениет қайраткері, Сейдахмет Бердіқұлов және Журналистер одағы сыйлығының иегер. Қаламы қарымды журналист-жазушы оқырманымен ой бөліскен «Алтайым – алтын тамырым», «Аялайық Алтайды», «Жүрегімде жастықтың ізі қалды», сондай-ақ, қазақ спортының жетістіктері мен проблемаларын көзі қарақты оқырманға жеткізген, табысына сүйсініп, кемшілігіне күйінген «Шымыр келер Шығыстың ұл-қыздары», «Жанарымда – жасыл құрлық», «Турин тағылымы» сынды оннан астам жинақтардың авторы.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Оңдасын Елубайдың жазған өткір де өзекті мақалалары оқырмандар тарапынан өзінің жоғары бағасын баяғыда-ақ алған. Әріптесіміздің мемлекеттік наградамен марапатталуы – журналист еңбегіне көрсетілген зор құрмет!

Оңдасын Елубайды мемлекеттік наградасымен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Нуркенова Армангул
    Құрметті асқар таудай ағамыз ,сізді алған орденіңізбен құттықтаймын. Сіздің отбасыңызға бақыт,еңбегіңізге жеміс және шығармашылық табыс тілеймін.Ұзақ ғұмыр кешіңіз.Сіздің жазған әр шығармаңыздың,әр кітабыңыздың жас ұрпақ үшін тәрбиелік орыны ерекше.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде