USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады бұқараны Шығыс Қазақстанның әкімі

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады бұқараны  Шығыс Қазақстанның әкімі

Құрметті шығысқазақстандықтар!
Еліміздің тарихында алтын әріппен жазылған ұлы күн – Тәуелсіздік күні. Бұл – байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Тәуелсіздік – Ұлы даланы мекен еткен бабаларымыздың асыл арманы.
Тәуелсіздік – тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт!

Қазақ халқы азаттық рухын терең сезініп, жан жүрегімен түсіне біледі. Себебі, Қазақ елі қилы заманды басынан кешкен ел. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» қынадай қырылды. Елдің «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны қазақтың жадында. Аласапыран заманда солақай саясаттың салқынынан бұғалық түсіп, бұлт үйірілген бұлдыр күндер де біздің халықтың басынан өтті. Бірақ, тағдырдың теперішінен халқымыздың рухы жасымады. Азаттық атты асқақ арманға қол жеткізді.

Біздің болашағымыз – жарқын, келешегіміз – кемел!
Іргесі берік, бірлігі бекем еліміздің алдында асқар асу, биік белестер бар. Бұл ретте тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ парызымыз. Міндетіміз – тәуелсіздікті қорғау, татулық пен тұрақтылықты сақтау. «Бақ бағалағанның басында тұрады» дейді дана халқымыз.

Қымбатты жерлестер!
Сіздерді бар игілігіміздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Отанымыздың гүлденуі жолында табысты еңбек ете берейік!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын!

Бердібек САПАРБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Григорий ПИНЧУК,
облыстық мәслихаттың хатшысы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде