USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Миллионер ұрлықшылар қолға түсті Жарма ауданында

Миллионер ұрлықшылар қолға түсті Жарма ауданындаОн миллион теңгенің пәтер ұрлығын жасаған күдіктілер тобы Жарма ауданында қолға түсті. Ұрлықшылар бұл кәсіппен екі жыл көлемінде айналысып келген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІБ-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Тергеушілердің жүргізген сараптамалары барлық тонаудың бір ізбен жасалғанын көрсеткен. Суық қолдылар өз арам пиғылдарын күндізгі уақытта, пәтер иелері жоқ кезде жүзеге асырып келіпті. Олар ауылдастарының үйлерінің есік-терезелерін бұзып кіріп, бағалы заттар мен ақшаларын жымқырып жүрген.

Жарма АІІБ жедел өкілдері пәтер ұрлықтарын жасаған қылмыстық топты құрықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, олар Қалбатаудағы ауылдастарын тонаған. Осы уақытта 18 пәтер ұрлығы ашылды, оның екеуі аса ірі көлемде жасалған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 10 000 000 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта осы қылмысты топтың 3 мүшесі ұсталды, тағы біреуі іздестірілуде. Жарма аудандық сотында ұсталғандардың үстінен қозғалған қылмыстық іс қаралып, ұрлықшылар үш жылдан бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде