USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көлікті мас кезінде басқарған жүргізуші ғимаратқа соғылды Семейде

Көлікті мас кезінде басқарған жүргізуші ғимаратқа соғылды СемейдеКөлік басқаруға ішімдік ішіп алып отырған 23 жастағы жігіт ғимаратқа соғылды Семейде. Көлікте отырған 26 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

ШҚ облыстық әкімшілік полициясы қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, 23 жасар жүргізуші Тойота Чайзер автокөлігімен келе жатып Народная көшесіндегі су тартатын станцияның ғимаратына соғылған. Оның үстіне жүргізушінің жүргізушілік куәлігі де болмаған. Қазір осы жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды.

Көлікті мас кезінде басқарған 25 жүргізуші ұсталды бір тәуліктің ішінде Шығыс Қазақстанда. Кезекшілік тәулікте Шығыс Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзған 600 факті тіркелген. Жол сақшылары қауіпсіздік белдігін тақпаған 70 адамды әкімшілік жауапқа тартты. Сонымен қатар жолда жүру ережесін сақтамаған 56 жаяу жүргінші жауапқа тартылып, айып салынды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде