USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қар басып қалу қаупі бар аймақтар Шығыс Қазақстанда бақылауға алынды

Қар басып қалу қаупі бар аймақтар Шығыс Қазақстанда бақылауға алынды

Соңғы бір тәулікте Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің бөлімшелері 11 дабыл бойынша көмекке шығып, 6 адамды басқа жаққа көшірді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қар басып қалу қаупі бар аймақтар «Казселезащита» кәсіпорнының бақылауына алынған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанға көптен күткен қар жауып, тұрғындарды бір-ақ күнде әбігерге салды. Алайда шығысқазақстандықтар үшін қобалжитын ештеңе жоқ. Қар басып қалу қаупі бар аймақтар «Казселезащита» кәсіпорнының бақылауына алынған. Шығыс Қазақстанда барлық бағыттар бойынша жолдар ашық. Құзырлы мекемелердің ақпаратына сәйкес, өңірде жылу жүйелерінде де апатты жағдай тіркелмеген.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін облыс аумағында қар жауып, боран бұрқасындатады. Күндіз ауа температурасы 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін нөлден төмендейді. Ал түнде сынап бағанасы -12-18 градус суықтықты көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, алыс жаққа жол жүрердің алдында төмендегі телефондар арқылы жолдардың жағдайы туралы ақпарат алуға болады: 777-081, 262-808, 574-252

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде