USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Altaynews.kz порталы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген ең үздік сайт атанды

Altaynews.kz порталы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген ең үздік сайт атанды

Шығыс Қазақстан облыстық Altaynews.kz сайты 2013 жылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген және мемлекеттік тілдің проблемаларын қаузаған ең үздік электронды БАҚ болып танылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚ облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жариялаған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсында Altaynews.kz сайты электронды БАҚ номинациясы бойынша «Үздік» деп танылып, арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Байқау мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту жайында, қазақ тілінің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар мен қызықты танымдық дүниелер жариялаған жекелеген тілшілер мен шығармашылық топтар арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Облыстық конкурстың қорытындысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шығарылды.

Жеңімпаздардың арасында «Көктас таңы» Зырян аудандық газеті де бар. Газет ұжымы «Ең үздік басылым» аталымында жүлдегер атанды.

Облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі, осы басылымда ұзақ жылдар қалам тербеп келе жатқан Шәкерхан Әзмұхаметов «Үздік автор» атанды.

Қазылар алқасы әсіресе интернет-ресурста ақпараттың екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілетінін ерекше атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мемлекеттік тіл
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде