USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жоғары жылдамдықты интернет желісі Зырян ауданына тартылды

Жоғары жылдамдықты интернет желісі Зырян ауданына тартылды

ШҚО-ның Зырян ауданына қарасты Прибрежный кентіне жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылды. Сөйтіп, жергілікті тұрғындарға ғаламтор кеңістігін еркін аралауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір интернетке ауылдық әкімдік пен кеме құрастыру зауыты қосылған, келесі кезекте Первомайка орта мектебі және кітапхана тұр. Содан соң қалаулары бойынша ауыл жұртшылығы қамтылады.

Ауылдық округ әкімінің айтуынша, бұл өңірде интернет бұрыннан бар екен, бірақ жылдамдығы өте нашар. Соның кесірінен пайдаланушылар ғаламтордың игілігін жөнді көре алмапты. Енді міне, аудандық кәсіпкерлердің бірінің көмегімен елді мекен жанындағы жотаға ретрансляция жасайтын құрылғы орнатылған. Нәтижесінде жылдамдық едәуір артып, ауылдық әкімдік, мектеп секілді мемлекеттік мекемелердегі тұтынушылар құжат айналымын, басқа да операцияларды электрондық жүйеде жүргізіп, уақыт үнемдеуге қол жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: зырян ауданы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде