USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бір ғасыр жасаған 66 қария бар Шығыс Қазақстанда

Бір ғасыр жасаған 66 қария бар Шығыс Қазақстанда

Жастары бір ғасырдан асқан 66 қария бар Шығыс Қазақстанда. Облыстың ең ұзақ жасаған қариясы ұландық Гүлсара Шарманова 111 жасқа келді. Ал 90 мен 100 жас аралығындағы зейнеткерлердің саны 2000-нан асып кетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Небір қиын-қыстау заманды бастан өткізіп, ашаршылық пен зұлмат соғыстың дәмін тартқан қарттарға құрметпен бас иген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ғасырлық межеден асқан зейнеткерлермен арнайы кездесті.

Бір ғасыр жасаған 66 қария бар Шығыс Қазақстанда

Өңір басшысы өз сөзінде облыста ақсақалдар мен соғыс ардагерлер Кеңестерінің жұмыс істейтінін, бұдан басқа 1000-нан астам ардагерлік ұйымдардың құрылғанын айтып өтті. Шығыс өңірінде қарияларды, жалғыз басты зейнеткерлерді қолдау мақсатында «Жақсы іс жаса», «Қайырымдылық айы» сынды акциялар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Облыста егде адамдарға 13 дәрігерлік-әлеуметтік мекеме қызмет көрсетеді.

Бір ғасыр жасаған 66 қария бар Шығыс Қазақстанда

-«Қарты бардың қазынасы бар» дейді халқымыз. Бүгінгі қоғамның басты құндылығы – қарттардың ел игілігі үшін жасаған қызметі, бейбіт тіршіліктің, ұлттар достығы мен береке-бірліктің берік негізін қалауға тигізген септігі жас ұрпақ үшін үлгі болмақ, - деді өңір басшысы қарттарға.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде