USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Швейцариялық ғалым қазақша баяндама жасады Семейде

Швейцариялық ғалым қазақша баяндама жасады Семейде

Швейцариялық ғалымның қатысуымен еліміздегі көші-қон проблемалары Семейдегі Шәкерім атындағы мемлекеттік университетте талданды. Семинарда Швейцарияның Цюрих университетінен келген профессор Петер Финке қазақша баяндама жасады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинар Ресейдің Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен online жүйеде жүргізілді. Шара барысында еліміздегі 1991–2003 жылдар аралығындағы көші-қон жағдайы мен «Оралмандар орталығының» қызметі сияқты көптеген мәселелер жан-жақты сараланды.

Жиынға қатысушыларды әсіресе, Швейцарияның Цюрих университетінен келген профессор Петер Финкенің қазақша баяндама жасауы қатты қуантты. Ғалым Германия мен Швейцария елдерін мысалға ала отырып, еліміздегі көші-қон мәселесіне байланысты өз ойын ортаға салды.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде