USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ара өсірушілердің қауымдастығы құрылмақ Зырянда

Ара өсірушілердің қауымдастығы құрылмақ Зырянда

Зырян ауданында ара өсірушілердің қауымдастығын құру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандағы бал өндірумен айналысатын 430 ара өсіруші өз өнімдерін жылдан-жылға молайтып, жақсы нәтижелерге жетіп жүр. Зырян балының сапасы жоғары болғанымен, кәсіпкерлер өнімдерін өткізе алмай отыр. Осыған орай бұл мәселені бірігіп шешу үшін қауымдастық құру қажеттігі туындауда.

Бұл күндері бастамашыл топ ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, алдағы уақытта істелетін жұмыс жоспарын құруда.

Қазіргі кезде омарта шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Бұл қауымдастық ара өсірушілердің өз істерін дамытуларына және осы саладағы азаматтарға шаруаны неден бастау керектігін үйретіп, жәрдемдесетін болады.

Сондай-ақ, бастамашыл топ ауданда асыл тұқымды омарта шаруашылығын көптеп құру, қазіргі уақытта карпат тұқымды ара өсіріп жатқан кәсіпкерлердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату шараларына да баса назар аударып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: омарташылық
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде