USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Инвестиция тарту жағынан Шығыс Қазақстан республикада ең жоғары көрсеткішке ие

Инвестиция тарту жағынан Шығыс Қазақстан республикада ең жоғары көрсеткішке ие

Инвестицияларды тарту жағынан Шығыс Қазақстан республикада ең жоғары көрсеткішке ие. Өңірге бүгінгі күні 208 млрд. теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемендегі «Алтай» технопаркінде өткен «Инвестициялар. Инновациялар. Бизнес» атты өңірлік форумда облыс басшысы Бердібек Сапарбаев осындай деректер келтірді.

Биыл өткен жылмен салыстырғанда инвестиция құю көлемі шамамен он пайызға дейін өсетіндігі белгілі болып отыр. Біздің облыста 25 түрлі өнім инновациялық жаңа технологияларды енгізу арқылы өндіріледі.

Инвестиция тарту жағынан Шығыс Қазақстан республикада ең жоғары көрсеткішке ие

"Индустриялық-инновациялық бағдарламаға біздің аймақтан енген 53 жобаның 23-і жүзеге асырылып, жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде сегіз мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл сайын оларда 280-300 млрд. теңгенің өнімдері өндірілуде. Биылғы жоспарланған жобалардың үшеуі қалды. Енді соларды іске асыру қарастырылып жатыр. Жобалық қуатына бірден жету мүмкін емес, біртіндеп белгіленген жоспарлар то-лығымен орындалады. Бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіліп те жатыр. Бүгінгі форумды өткізудегі негізгі мақсат даму институттарының, инвесторлардың бөлген қаржыларын тиімді игеру болып отыр", деді аймақ басшысы.

Инвестиция тарту жағынан Шығыс Қазақстан республикада ең жоғары көрсеткішке ие

Форумда индустриялық-инновациялық дамуға ықпал ету, инвестиция тартуды жандандыру мәселелері талқыланып, соған орай мемлекеттік қолдау тетіктері түсіндірілді.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: инвестиция
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде