USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шағын ЭКСПО көрмесінің Шығыс Қазақстанда өтетін уақыты белгіленді

Шағын ЭКСПО көрмесінің Шығыс Қазақстанда өтетін уақыты белгіленді
Шығыс Қазақстанда өтетін шағын ЭКСПО көрмесінің уақыты белгіленді. Аталмыш іргелі іс-шараны 2014 жылғы мамырдың 24-і және 25-і күндері ұйымдастыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев барлық басқармалар мен әкімдіктер осы іске жұмыла атсалысып, алғашқы отандық шағын ЭКСПО көрмесі лайықты дәрежеде өтуі тиіс екенін ескертті. Әрбір аудан мен қала осы көрмеге өз жобаларын ұсынулары қажет, мұнымен қоса өзге мемлекеттердің осындай шараларды ұйымдастырудағы тәжірибелерін зерделеген де артық етпейді.

– Алғаш рет өткізілетін осындай ауқымды көрме тек аймағымыз үшін ғана емес, соныман қатар бүкіл еліміз үшін де аса маңызды. Бұл бастаманы Елбасының өзі қуаттап отыр, сондықтан шағын ЭКСПО көрмесіне дайындық жұмыстары қатаң бақылауға алынуы тиіс, оған барлық мүмкіндіктер мен күш-жігерді жұмылдырған жөн, – деп атап көрсетті облыс әкімі.

Шағын ЭКСПО көрмесінің Шығыс Қазақстанда өтетін уақыты белгіленді

ШҚ облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Астана экономикалық форумының аясында келесі жылы Өскеменде көшпелі мәжіліс өтетінін де тілге тиек етті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл форумда әлемнің түкпір-түкпірінен келген білікті ғалымдар мен сарапшылар бас қосып, дүниежүзілік қаржы жүйесінің көкейкесті мәселелерін талқыға салады. Осындай іргелі іс-шараның тау-кен және металлургия саласына байланысты бөлігін өзімізде өткізу аймағымыздың абыройын асырмақ.

Индустрияландыру күні аясында Елбасының қатысуымен телекөпір ұйымдастырылады, онда Шығыс үш бірдей жаңа өндіріс орнын іске қоспақ. Олар – «Қазақстан Солар Силикон» серіктестігінің күн батареяларына қажет пластиналар шығаратын зауыты, «Айтас-МП» құс етін өңдеу зауыты және Семейдің үй-құрылыс комбинаты.

Сондай-ақ, Өскеменде «Майкрософт Қазақстан», «1С-Сапа», «2ГИС» және өзге де бірқатар компаниялардың ұйымдастыруымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Шығыс-2013» атты ақпараттық технологиялар көрмесі өткізіледі. Осы шара барысында «Майкрософт Қазақстан» компаниясы мен «Алтай» ІТ-паркі арасында серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Аймақ басшысы осы орайда Өскеменге өз ІТ-паркі қажет екенін алға тартты, сол жерде өңірімізге қажетті барлық ақпараттық технологиялар базасы шоғырлануы тиіс және олар бүкіл тұрғындарға қолжетімді болуы керек.

Ержан Әбіш
суреттер Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде