USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұнтақталған толтырмалар өндірісі Семейде іске қосылады

Ұнтақталған толтырмалар өндірісі Семейде іске қосылады

Семейдегі «Alina Pro» ЖШС 2013 жылы облыстың Индустрияландыру картасына ұнтақталған толтырмалар өндірісін жандандыру жобасын енгізді. Жобаға қажет 203 млн. теңгенің 80 пайызын өз қалталарынан шығарып отырған кәсіпорын басшылығы жылына 36 мың тонна өнім беретін өндіріске 33 адам жұмысқа тартылатынын айтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпорын өндіретін түрлі плиталарға арналған желімдер, цемент сылақтар, желімді бояу, гипс, жуылатын бояу езбелері, Alinex тегістегіштері сынды әркез сұранысқа ие материалдар Қазақстан нарығында Alina Paint, Econom, Alina Paint Fronta атауларымен танымал.

Ұнтақталған толтырмалар өндірісі Семейде іске қосылады

Тасты үгітіп, ұнтақтау арқылы түрлі сұйықтықтар мен құрғақ құрылыс материалдарын өңдеуші қондырғылар Қытайдан алыныпты. Алғашқы өнімдері сынақтан өткен. Енді кәсіпорын басшылары жобаны іске қосу актісін күтіп отыр.

Серіктестіктің тағы бір өндіріс кешені қала ішінде орналасқан екен. Қала әкімі Айбек Кәрімов ол ауданға жаңа тұрғын үй кешені салынатынын ескертіп, өндіріс кешенін қала сыртына көшіру жөнінде өтініш білдіргенін айтады. Серіктестік директоры Борис Могучев бұл мәселеге қатысты сұраулардың барлығына оңды жауап берілгенін айтты.

Есімжан Нақтыбайұлы
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде