USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыстың үздік шығармашылық ұжымдары Конгресс-холлда өнер көрсетеді

Шығыстың үздік шығармашылық ұжымдары Конгресс-холлда өнер көрсетеді

Елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңажылдық көңіл-күй сыйлап, аймағымыз туралы жағымды әсер қалдыру үшін шығысқазақстандықтар Астанаға аттанады. Ал облыстың үздік шығармашылық ұжымдары Конгресс-холлдың төрінде өнер көрсетеді. Бұл шаралар Шығыс Қазақстанның Астанадағы күндері аясында жүзеге аспақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алда болатын Шығыс Қазақстанның Астанадағы күндеріне әзірліктің барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар есеп берді. Дәстүрге айналып үлгерген бұл іс-шара өңіріміздің экономикасына игі ықпалын тигізіп, абырой-беделін де асыруда. Осы акция аясында біздің кәсіпорындар өз өнімдерін республикалық нарыққа шығаруға мүмкіндік алады. Әсіресе, Шығыстың брендіне айналған тауарларды – омарта және марал шаруашылығының өнімдерін өндірушілер үшін аталмыш жәрмеңкелердің пайдасы зор.

Облыс әкімі мұндағы мақсат елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңажыл-дық көңіл күй сыйлап, аймағымыз туралы жағымды әсер қалдыру екенін баса айтты.

Облыс өнерпаздарының концертін Конгресс-холда өткізу жоспарланған. Қазіргі кезде қалалар мен аудандарда осы сахнаға шығатын үздік орындаушыларды іріктеу жүріп жатыр. Өткен-де Шығыстың жұлдыздары Алматының төрінде концерт қойып, талғамы биік көрерменді тамсандырып қайтқан-ды. Осы жолғы бағдарлама да сол деңгейден кем болмауы тиіс.

Аппараттық кеңес соңында облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Баян Закирьянова, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Ұлақова, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мағаша Сәдуақасова «Үздік мемлекеттік қызметші» медальдарымен марапатталды. Олардың бәрі де – өздерін білікті маман ретінде танытып, әріптестерінің құрметіне бөленіп жүрген азаматшалар.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде