USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен белгісіз жүргізуші іздестірілуде

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен белгісіз жүргізуші іздестірілудеӨскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен белгісіз жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Студгородок ауданында 4-желтоқсанда кешкі сағат 18-20 аралығында орын алған. Белгісіз жүргізуші Серікбаев көшесінің бойында 22 жастағы жігітті қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен жаяу жүргінші бас жарақаты және басқа да жарпалармен дер кезінде ауруханаға жеткізілген.

Облыстық әкімшілік полициясының басқармасы осы апатты көргендер немесе қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефондарға хабарласуды сұрайды: : 77-70-81, 77-60-05 немесе 77-46-76 іздестіру бөлімі. Беймәлімділікке кепілдік беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол апаты
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде