USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Америкалық бизнесті дамытуға Шығыс Қазақстанда мүмкіндіктер көп

Америкалық бизнесті дамытуға Шығыс Қазақстанда мүмкіндіктер көпШығыс Қазақстанда америкалық бизнесті дамытуға мүмкіндіктер көп. Сонымен қатар мәдениет және денсаулық сақтау салаларында да ынтымақтастықты өркендетуге болады. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Майкл Клечески Шығыс Қазақстанға келген іссапары барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев пен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Майкл Клеческимен кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы әріптестік байланыстың жай-күйі мен болашағы туралы сөз қозғалды.

Ермек Көшербаев өз сөзінде біздің аймақ пен АҚШ-ты байланыстырып тұрған екі жақты тығыз іскерлік қарым-қатынас жөнінде айтып өтті. Бұған дәлел AES компаниялар тобының қызметі, Қазақстан-Америка еркін университетінде дайындалатын білікті мамандар, аймағымыздағы «Азия-Авто» зауытынан шыққан «General motors» концернінің «Chevrolet» көліктері. Мұнымен қатар америкалық инвесторлар өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін де ұмытқан емес.

- Компания біздегі энергетика саласына көп үлес қосып жатыр. Біздің америкалық әріптестерден үйренеріміз көп. Бұл дұрыс менеджмент, озық технологиялар. Осының бәрі AES инвестициясы арқылы күшейтілсе, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Ермек Көшербаевтың айтуынша Қазақстан-Америка іскерлік байланыстары тек энергетика, білім немесе машина жасау салаларымен ғана шектелмек емес. АҚШ бизнесмендерін аймағымыздағы металлургия, ауыл шаруашылығы, өңдеу жұмыстары сияқты басқа да салалар қызықтыруы мүмкін.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Майкл Клечески өз сөзінде аймақтарға жасаған іссапарын Шығыс Қазақстан облысынан бастауы тегін емес екендігін айтып өтті.

- Бұл өте қуатты дамып келе жатқан өңір. Мұнда америкалық бизнеске қажетті үлкен мүмкіндіктер бар. Біз ынтымақтастықты мәдениет және денсаулық сақтау салаларында да дамытуымыз қажет, -деді ол.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде