USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Еліміздегі тұңғыш Жас жол инспекторлары штабы Шығыста құрылды

Еліміздегі тұңғыш Жас жол инспекторлары штабы Шығыста  құрылдыӨскеменде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы мен облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп елімізде бірінші болып Жас жол инспекторлары штабын құрды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Штаб кейінгі кездері жиілеп кеткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы көп жағдайда қайғылы аяқталып жататын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында құрылып отыр. Жас жол инспекторлар бөлімшесі өскелең ұрпақты жолда жүру ережелерін білуге және оны бұлжытпай орындауға, жол қозғалысының жоғары мәдениетін сақтауға, жауапкершілікті сезінуге үйрететін болады.

Штабтың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық ІІД әкімшілік басқармасының жетекшілері Жамболат Қалитаев пен Айназар Түменбаев, «Жас Ұлан» жастар қанатының жетекшісі Станислав Каримов және басқалар қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде