USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде аса мұқтаж жандар баспанамен қамтылды

Өскеменде аса мұқтаж жандар баспанамен қамтылды
Өскемендегі Бажов көшесінің бойында жарты жыл ішінде бой көтерген көпқабатты үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлердің кілтін баспанаға аса мұқтаж жандарға облыс әкімі салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Әрбір азамат жайлы баспанаға қол жеткізе алуы тиіс. Ел Тәуелсіздігінің арқасында біз тұрғындар үшін жаңа үйлер салу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Кеңес одағы тұсында әр ғимаратты тұрғызу үшін Мәскеудің келісімін алу қажет болатын. Бұл үй айналдырған жарты жылдың ішінде салынып бітті. Мұндағы пәтерлер баспанаға аса мұқтаж жандарға, атап айтсақ, соғыс ардагерлері мен олардың жесірлеріне, ауғандық жауынгерлерге, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға берілуде, – деді жиналғандар алдында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Қоныстой иелері атынан сөз алған балалар үйінің түлегі Оксана Кауновааймақ басшысына өзінің шексіз ризашылығын жеткізді. «Мен бұл үйді он жылдай күттім. Балалар үйінде жүргенде-ақ кезекке тұрғызылған болатынмын. Осы уақыт ішінде мамандық алып, тұрмысқа шықтым, бала сүйдім. Енді, міне, өз баспанамыз бар» деді қуаныштан көзіне жас алған Оксана.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: баспана Өскемен
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде