USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күні 6 нәресте өмір есігін ашты

Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күні 6 нәресте өмір есігін аштыШығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күні 6 нәресте өмір есігін ашты, олардың төртеуі ұл, екеуі қыз бала. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сол күні босанған әйелдерді қуаныштарымен құттықтап, олардың әрқайсысына құшақ-құшақ гүл шоқтары мен бесік арбаларды тарту етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімі жүздері бақыттан бал-бұл жанған аналарға мықты денсаулық пен отбасы амандығын, кішкентай шақалақтардың ұзақ та баянды ғұмыр кешулерін тіледі.

Жас аналардың бірі Айнұр Әкімбаева Тұңғыш Президенттің құрметіне өз перзентінің есімін Нұрсұлтан деп қойыпты.

– Таңғы сағат бесте босандым, құдайға шүкір, сәбиім аман-есен. Осындай айтулы күні ана атану – ең үлкен бақыт. Ұлым өскенде Нұрсұлтан Әбішұлындай еліне жаны ашитын, аса қамқор азамат болсын деймін, – дейді ол.

Осы күні аталған перзентханада тағы бір кішкентай Нұрсұлтанның дү-ниеге келгенін естіп білдік. «Есімі баланың болашақ тағдырына ықпал етеді, ол өз атына қарап өсетін болады. Нұрсұлтан атамыздың жолын берсін деп ырымдап қойдым ұлымның атын» дейді сәбидің анасы.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде