USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Екі бірдей сауда үйі Өскеменде ашылды

Екі бірдей сауда үйі Өскеменде ашылдыӨскемен қаласында "Тұлпар" және "Аружан" атты екі бірдей сауда үйі Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылды. Әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғындарға ақжарма тілегін арнады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қабанбай батыр көшесінің бойындағы «Тұлпар» сауда үйінде қырықтан астам сауда нүктелері орналасқан, оларда киім-кешектен бастап балалар тауарларына дейін сатылады. Сондай-ақ, осы жерде келушілер үшін 35 орындық дәмхана жұмыс істейді.

Тәуелсіздік даңғылының бойынан ашылған «Аружан» сауда үйіндегі 100 сауда орны түгелдей жалға берілген кезде 200 адам жұмыспен қамтылатын болады. Әзірге сауда үйіндегі азық-түліктің бағасы тұтынушылар үшін өте тиімді. 600 грамдық нан 45 теңгеден сатылуда. Мұндай бағаның үстемдік құруына орталықтың бір бұрышы тұрақтандыру қорының тауарларына берілуі де әсер етіп отырса керек. Қаланың қайнаған ортасында тұрған бұл сауда үйі «Арзан», «Метро» сынды шеткеріде жатқан сауда орталықтарына жиі бара бермейтін адамдар үшін бірден-бір тұтыну орны болары сөзсіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде