USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зыряндағы бір отбасының қос перзенті Америкадан оқып келді

Зыряндағы  бір отбасының қос перзенті  Америкадан оқып келдіЗырян қаласындағы бір отбасының қос перзенті "Болашақ" бағдарламасымен Америкадан оқып келді. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған бұл бағдарламаның құрылғанына биыл 20 жыл толды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Данияр мен Әсел Нүркеновтер орта мектепті үздік бағамен бітіріп шыққаннан кейін, Алматыдағы жоғары оқу орнындағы халықаралық қатынастар факультетінде білімдерін жалғастырды. Олар өз орталарында жақсы оқып, көзге түсті.

Ұстаздарының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы аясында Данияр АҚШ-тағы Вашингтон, Әсел Калифорния университеттерінде білім алып, оқуларын табысты аяқтап, Қазақстанға оралды. Данияр Алматы қаласындағы ең ірі банктердің бірінде қаржы тобының басқарушысы болып қызмет істейді. Қазіргі кезде мамандығын тереңірек меңгеруге құлшынып, Францияда халықаралық жоғары экономика мектебінде оқып жүр.

Әсел бұл күндері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында экономика жөнінен бас маман болып еңбектенуде. Данияр мен Әсел бірнеше тілді меңгерген. «Болашақтың» қанатының астынан түлеп ұшқан түлектер осылайша еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде